фото: Қазақстан бокс федерациясы. Суретте: Сағындық Тоғамбай
Семейде өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатының ерлер арасындағы 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жек өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Бұл салмақта елдің үздігі атағы үшін Түркістан облысының өкілі Сағындық Тоғамбай мен Қарағанды облысынан шыққан Нұрмағамед Юсупов күш сынасты. Үш раундқа созылған тартысты кездесуде төрешілердің шешімімен жеңіс Сағындық Тоғамбайға берілді. Осылайша ол Қазақстан чемпионы атанып, алтын медаль жеңіп алды. Ал Юсупов – күміс жүлдегер.
Айта кетейік, Сағындық Тоғамбай 2024 жылы Таиландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатында алтын медаль, ал 2022 жылы жазғы Азия ойындарында қола жүлде иеленген болатын.