фото: kfb.kz. Суретте: Абылайхан Жүсіпов
Семейде өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатының финалдық кезеңінде ерлер арасында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шешуші кездесу өтті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Бұл сында Қарағанды облысының боксшысы Абылайхан Жүсіпов пен алматылық Фарух Тоқтасынов рингке шықты. Үш раундқа созылған тартысты айқаста Абылайхан Жүсіпов толық басымдық танытып, төрешілердің шешімімен (5:0) жеңіске жетті.
Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов – әлем чемпионаттарының үш дүркін қола жүлдегері және 2024 жылғы Азия чемпионы. Ал оның қарсыласы Фарух Тоқтасынов 2025 жылы Болгарияда өткен беделді "Странджа кубогының" күміс жүлдегері, бұл турнир әлемнің кіші чемпионаты ретінде белгілі.