фото: instagram.com/boxingkazakhstan. Суретте: Әйгерім Сәттібаева
Семейде ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан Қазақстан чемпионатының финалдық жекпе-жектері басталды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Ең алғашқы алтын медаль 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сарапқа салынды. Бұл салмақта Жамбыл облысының өкілі Әйгерім Сәттібаева мен Жетісу облысынан шыққан Анель Құдайберген рингке көтерілді.
Шешуші жекпе-жек Әйгерім Сәттібаеваның айқын басымдығымен өтті. Ол төрешілердің шешімімен (5:0) жеңіске жетті. Осылайша, Әйгерім Сәттібаева Қазақстан чемпионатының алтын медалін жеңіп алды, ал Анель Құдайберген күміс жүлдегер атанды.
Айта кетейік, Әйгерім Сәттібаева – бес баланың анасы.
Биылғы Қазақстан чемпионаты алғаш рет World Boxing ұйымының жаңа ережелері мен салмақ санаттары бойынша өткізіліп отыр.