фото: ашық дереккөзден
Англия құрамасының бұрынғы ойыншысы және бапкері Стюарт Пирстің ұлы – Харли Пирс 21 жасында қайғылы жағдайда көз жұмды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Оқиға Англияның Глостершир графтығында болған. Daily Mail басылымының жазуынша, Харли Пирс өз ауыл шаруашылығы компаниясын басқарып жүрген. Трактордың дөңгелегі жарылып, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған, салдарынан техника аударылып, жас кәсіпкер оқиға орнында қаза болған.
Айта кетсек, Харлидің әкесі Стюарт Пирс 1987-1999 жылдары Англия құрамасы сапында 78 матчқа қатысқан. Клубтық мансабында ол "Ноттингем Форест", "Вест Хэм", "Ньюкасл" және "Манчестер Сити" клубтарының намысын қорғаған. Кейін жастар және Олимпиада құрамаларын жаттықтырып, 2012 жылы ұлттық құраманың бас бапкері міндетін атқарған.