фото: Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Нұрбек Оралбай
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайдың болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
"Алдағы уақытта бәрін саралап көреміз. Мүмкін, ол басқа салмақ дәрежесіне ауысатын шығар. Әлем чемпионатының 1/8 финалында ол Қытайдан келген қазақ боксшысын жеңді – ол да оңай қарсылас емес, әлем чемпионатының күміс жүлдегері әрі Азия ойындарының жеңімпазы. Нұрбек алғашқы кездесулерде жақсы өнер көрсетті, бірақ ширек финалда өзбек боксшысына жол берді. Бұл – Нұрбектің кінәсі емес, бірақ, мүмкін, асығыстық танытқан болар. Менің ойымша, ол тактиканы сәл өзгертсе, дұрыс болар еді – бірінші емес, екінші нөмірмен жұдырықтасуы керек еді, қарсыласын қарсы алып ұруы қажет болатын. Әлі де бәрі алда. Алда көптеген турнирлер мен оқу-жаттығу жиындары бар. Қателіктермен жұмыс істейміз, нәтижені түзетеміз", – деді бас бапкер.
Еске сала кетейік, World Boxing әлем чемпионатында Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға жолдама үшін өткен жекпе-жекте өзбекстандық Жавохир Умматалиевке төрешілердің шешімімен жеңілген болатын.