фото: Liter.kz коллажы
Танымал актер Олжас Абай Instagram парақшасында ерекше жазба жариялап, оқырмандардың қызығушылығын тудырды.
"Біздің шығармашылығымызды жоғары бағалап, бізбен бірге жеңіске жетіп келе жатқан, талғамы биік көрермендерге үлкен алғыс айтамын. #Ыстықұя фильмі – жай ғана драма емес, қоғамның бір айнасы екенін өздеріңіз дәлелдеп бердіңіздер. Рақмет! Алдағы жаңалық бұдан да шынайы, бұдан да қызықты болмақ", – деп жазды актер.
Бұл жазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Көпшілік пікір қалдырып, түрлі болжам жасады.
Оқырмандардың бірі: "Ендігі жаңалық сөз салу болсын! Қандай жарасымды жұпсыздар!" — десе, тағы бірі: "Таза еңбек, таза талант! Бақытты болыңыздар!" – деп тілегін білдірді.