фото: Craig Williamson/SNS Group via Getty Images. Суретте: "Қайрат" футбол клубы
Бүгін, 21 қазанда Алматыда "Қайрат" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші тур аясында Кипрдің "Пафос" клубына қарсы матч өткізеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Аталмыш ойынды тікелей эфирде Qazaqstan ұлттық арнасынан көруге болады. Матч сағат 21:45-те басталады.
Алматылық команда Чемпиондар лигасының негізгі кезеңін сәтсіз бастаған еді. Алдымен сырт алаңда португалиялық "Спортингтен" 1:4 есебімен жеңілсе, кейіннен өз алаңында испандық "Реалдан" 0:5 есебімен ойсырай ұтылды.
Ал "Пафос" жалпы кезеңдегі алғашқы ойынында грекиялық "Олимпиакоспен" тең ойнап (0:0), екінші турда өз алаңында немістің "Бавариясынан" 1:5 есебімен ұтылды.
Сондай-ақ "Қайрат" Чемпиондар лигасының бұл кезеңінде Англияның "Арсеналы", Италияның "Интері", Бельгияның "Брюггесі", Данияның "Копенгагені" және Грекияның "Олимпиакосымен" кездеседі.