Сәкен Бибосынов ринге шықпай-ақ ел чемпионатының финалына жолдама алды

Сәкен Бибосынов ринге шықпай-ақ ел чемпионатының финалына жолдама алды

фото: Спортты дамыту дирекциясы. Суретте: Сәкен Бибосынов

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері және 2021 жылғы әлем чемпионы Сәкен Бибосынов Семейде өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатының финалына жекпе-жексіз жолдама алды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтетін жартылай финалда Сәкен Бибосынов Алматы қаласының өкілі Тимур Қабдешовпен кездесуі тиіс еді. Алайда қарсыласы жарақат алып, рингке шыға алмады. Осыған байланысты Сәкен Бибосынов автоматты түрде финалға өтті.

Ал Тимур Қабдешов өткен жылы 54 келі салмақ дәрежесінде ел чемпионы атанған болатын. Биыл ол турнирді қола жүлдемен аяқтады.

Финалда Сәкен Бибосынов Қызылорда облысының боксшысы Нұрсұлтан Алтынбекпен кездеседі.