фото: t.me/olimpicgames_Kazteamfan. Суретте: Әйгерім Сәттібаева
Жамбыл облысының атынан сынға түсіп жүрген қазақ боксшысы Әйгерім Сәттібаева Қазақстан чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Бұл хабарды алғашқылардың бірі болып спорт журналисі Аслан Қаженов жазды.
"Семей қаласында бокстан ересектер арасындағы ел чемпионаты жалғасып жатыр. Әйелдер арасында ең жеңіл салмақта жамбылдық Әйгерім Сәттібаева қызылордалық Ақтоба Болатты жеңіп, финалға жолдама алды", – деп жазды Аслан Қаженов.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әйгерім Сәттібаева қызылордалық Актөбе Болатты жеңіп, кем дегенде күміс жүлдені қанжығасына байлады.
Айта кетейік, Әйгерім Сәттібаева – бес баланың анасы.