Әлем чемпионы атанған боксшы ел біріншілігінің финалына шыға алмады

Әлем чемпионы атанған боксшы ел біріншілігінің финалына шыға алмады

фото: Қазақстан бокс федерациясы. Суретте: Санжарәлі Бегалиев

Семейде өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатында ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалдық кездесу өтті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Шымкенттен келген Санжарәлі Бегалиев Жамбыл облысының намысын қорғап жүрген Диас Молжігітовпен кездесіп, 4:1 есебімен жеңілді. Осылайша, Диас Молжігітов финалға жолдама алса, Санжарәлі Бегалиев ел біріншілігінің қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, Санжарәлі Бегалиев – жастар арасындағы әлем және Азия чемпионы.

Бокстан Қазақстан чемпионаты 21 қазан күні өз мәресіне жетеді. Биылғы жарыс алғаш рет World Boxing ұйымының жаңа ережелері мен салмақ санаттары бойынша өткізіліп жатыр.