фото: Қазақстан бокс федерациясы. Суретте: Абылайхан Жүсіпов
Қазақстанның танымал боксшысы, 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы ел чемпионатының финалына өте алмады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Семейде өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатының 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалында Түркістан облысының өкілі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Алматының боксшысы Фарух Тоқтасыновпен кездесіп, күтпеген жерден 2:3 есебімен ұтылып қалды.
Осылайша, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы ел чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Ал алтын медаль үшін Фарух Тоқтасынов енді Қарағанды облысының өкілі, тәжірибелі боксшы Абылайхан Жүсіповпен жұдырықтасады.