фото: UESLEI MARCELINO/POOL/AFP via Getty Images. Суретте: Абайлахан Жүсіпов
Абайлахан Жүсіпов бокстан Қазақстан чемпионатының жартылай финалында сенімді жеңіске жетіп, финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
70 келі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жекте Абайлахан Жүсіпов Алматы қаласының өкілі, жастар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Нұрбек Мұрсалмен қолғап түйістірді.
Абылайхан барлық үш раундта та қарсыласын толық басымдықпен ұтып, техникалық әрі агрессивті стильде жұдырықтасты. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен (5:0) жеңіске жетті.
Финалда Абайлахан Жүсіпов Фарух Токтасынов пен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.