Қазақтар 7 салмақта көш бастады: Бокстан әлемдік рейтинг жаңарды

Қазақтар 7 салмақта көш бастады: Бокстан әлемдік рейтинг жаңарды

фото: Ақорда

World Boxing халықаралық федерациясы алғашқы әлемдік рейтингті жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Бұл тізімге 2024 жылғы Олимпиада, әлем чемпионаты, Әлем кубогы және World Boxing Challenge сериясының нәтижелері бойынша үздік спортшылар енді.

Қазақстан құрамасынан бірден жеті боксшы өз салмақ дәрежесінде әлемнің үздігі атанды. Олар:

  • Назым Қызайбай (48 кг дейін)
  • Аида Әбікеева (65 кг дейін)
  • Наталья Богданова (70 кг дейін)
  • Санжар Тәшкенбай (50 кг дейін)
  • Махмұд Сабырхан (55 кг дейін)
  • Төрехан Сабырхан (70 кг дейін)
  • Айбек Оралбай (90 кг-нан жоғары)

Сонымен қатар үздік үштікке енген өзге де қазақстандықтар бар:

  • Алуа Балқыбекова (51 кг дейін, 2-орын)
  • Виктория Графеева (60 кг дейін, 3-орын)
  • Елдана Тәліпова (80 кг-нан жоғары, 3-орын)
  • Нұрбек Оралбай (80 кг дейін, 2-орын).