фото: instagram.com/zhenisiskakova
Белгілі әнші Жеңіс Ысқақова мен жолдасы, педагог Тоқтасын Бекболатов «Таңшолпан» бағдарламасына қонақ болып, отбасылық өмір жайлы сырларымен бөлісті,.
Әншінің айтуынша, отбасылық өмірде махаббат сөзбен емес, іспен көрінеді.
«Біз биыл отбасын құрғанымызға 33 жыл болды. Осы уақыт ішінде жолдасым маған бір рет те “мен сені сүйемін” деп айтқан емес. Бірақ мен оның махаббатын әр ісінен, көзқарасынан, қамқорлығынан-ақ сеземін. Ол әрдайым мені қолдап, шығармашылығыма түсіністікпен қарайды», – деді Жеңіс Ысқақова.