Қаралы хабар: Елге танымал топтың негізін қалаушылардың бірі көз жұмды (ФОТО)

Қаралы хабар: Елге танымал топтың негізін қалаушылардың бірі көз жұмды (ФОТО)

фото: ашық дереккөзден

АҚШ-тың әйгілі ню-метал тобы Limp Bizkit-тің бас гитарашысы әрі негізін қалаушылардың бірі Сэм Риверс 48 жасында өмірден өтті.

Топ мүшелері бұл қайғылы хабарды өздерінің Instagram парақшасында жариялап, Риверсті "әр әннің жүрегі мен ырғағы" деп сипаттады.

"Бірінші нота ойнаған сәттен бастап, Сэм біздің музыкаға жарық пен қайталанбас ырғақ сыйлады. Оның таланты ерекше, болмысы ұмытылмас, ал жүрегі шексіз еді. Біз бірге өткізген әр сәт – ерекше, әсерлі әрі шынайы болды. Сэм – өмірде бір-ақ рет жолығатын адам. Ол – аңыздардың аңызы. Оның рухы әрбір әуенде, әр сахнада, әр естелікте мәңгі сақталады", – деп жазды Limp Bizkit тобы.

Сэм Риверстің өлімінің себебі әзірге жарияланған жоқ.

Admin
Admin
Автор