"Маскадағы адамның" кім екені белгілі болды? (ФОТО)

"Маскадағы адамның" кім екені белгілі болды? (ФОТО)

фото: ашық дереккөзден

Қоғам белсендісі Азамат Ерғали әлеуметтік желіде көптен бері мұқтаж жандарға миллиондап көмек көрсетіп жүрген "Маскадағы адамның" тұлғасына қатысты жазба жариялап, жұрт назарын аударды.

Белсенді өз жазбасында:

"Маскадағы адам — меніңше, біздің Димаш Құдайберген сияқты. Ал сіз қалай ойлайсыз?" – деп көпшілікке сұрақ тастаған.

Бұл жазба желіде қызу талқыланып, пікірлер легі толастамады. Кей қолданушылар:

"Иә, расымен Димаш болуы мүмкін", – деп қолдаса, енді біреулер басқа болжамдарын айтып, өз көзқарастарымен бөлісті.

Әзірге "Маскадағы адамның" кім екені ресми түрде анықталмағанымен, әлеуметтік желі қолданушылары қайырымды жанның аты-жөнін білгісі келіп, түрлі жорамалдар жасап жатыр.

Admin
Admin
Автор