фото: ашық дереккөзден
Әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген ұзатылғаннан кейін алғаш рет төркін жұртына барып, сол сәттің видеосын өзінің Instagram парақшасында жариялады.
Бейнежазбада Раушанды ата-анасы мен туыстары қуанышпен қарсы алып, дастархан жайып, құшақ жая амандасып жатқан сәттер бейнеленген. Бұл көрініс әлеуметтік желі қолданушыларының жүрегін елжіретті.
"Қыздың төркінге оралуы – әр ананың арманы", "Жаңа өмір бастаса да, ата-анасын ұмытпағаны қуантады" деген пікірлер қалдырды.
Ең әсерлі сәттердің бірі – Раушанға арналып орындалған "Раушан гүлім" әні болды. Туыстарының тосын сыйы көпшілікті толқытпай қоймады.
Еске сала кетейік, Раушан Құдайберген жуырда тұрмысқа шығып, оның ұзатылу тойы әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланған еді. Қазір желі қолданушылары жас келіннің жаңа өмір жолындағы жаңалықтарын ерекше қызығушылықпен бақылап отыр.