Сәкен Бибосынов өзбек Дусматовпен қарсыласқан қазаққа қарсы шығады

Сәкен Бибосынов өзбек Дусматовпен қарсыласқан қазаққа қарсы шығады

фото: Luis Robayo - Pool / Getty Images. Суретте: Сәкен Бибосынов

2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов бокстан Қазақстан чемпионатының ширек финалында айқын жеңіске жетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Сәкен Бибосынов Қарағанды облысының боксшысы Нұрислам Бекенмен жұдырықтасты. Бірінші раунд Сәкеннің пайдасына 5:0 есебімен аяқталды. Екінші кезеңде ол қарқынын үдетіп, қарсыласын толық басымдықпен қыспаққа алды. Барлық үш раундта да Олимпиада жүлдегері анық үстемдік танытты.

Енді Сәкен Бибосынов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында Тимур Қабдешовпен кездеседі.

Айта кетейік, Тимур Қабдешов биылғы Странджа кубогының финалына дейін жетіп, күміс жүлдені еншіледі. Сондай-ақ ол аталмыш турнирде 2022 жылы қатысып, жартылай финалда Хасанбой Дусматовтан жеңілген еді.