фото: olympic.kz. Суретте: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
Қазақстанның танымал боксшысы, 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ұлттық құраманың бірінші нөмірі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Семейде өтіп жатқан ел чемпионатының ширек финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
70 келіге дейінгі салмақта Түркістан облысының атынан өнер көрсеткен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жекпе-жекте Жетісу өңірінің боксшысы Нұржан Амангелдіні төрешілердің шешімімен (4:1) жеңіп, кемінде қола медальді қамтамасыз етті.
Айта кетейік, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 2024 жылы Париж Олимпиадасында Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетіп, ширек финалға дейін жеткен болатын.