фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images. Суретте: Шавкат Рахмонов
UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың менеджері Саят Абдрахманов спортшының қазіргі жағдайы мен октагонға қашан оралатыны туралы айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.
"Шавкаттың денсаулығына байланысты біраз қиындықтар болды. Мамыр айында бізге Белал Мухаммедпен чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс түскен. Өкінішке қарай, жарақатына байланысты Шавкат Рахмонов бұл айқасқа қатыса алмады. Қазір ол толықтай қалпына келіп, дайындыққа кірісті. Болжам бойынша, ол қаңтардың соңы – ақпан айының басында толық спорттық бабына енеді. Яғни, келесі жылдың басында жекпе-жек өткізуге дайындалып жатыр", — деді Саят Абдрахманов.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында UFC 310 турнирінде ирландиялық Иэн Мачадо Гэрриге қарсы өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен.