Канелоны таңғалдырған қазақ жігіті ел чемпионатында сенсация жасады

Канелоны таңғалдырған қазақ жігіті ел чемпионатында сенсация жасады

фото: Photo by Leon Neal/Getty Images. Суретте: Әбілхан Аманқұл

Семейде өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатында тартысты жекпе-жектердің легі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sportinside.kz.

85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен ширек финалдық бәсекеде Жамбыл облысының атынан шыққан Әбілхан Аманқұл мен алматылық Сержан Еркін рингке шықты. Бірінші раундта Әбілхан есе жіберіп қойғанымен, ол жекпе-жектің екінші жартысында толық басымдық танытып, айқын жеңіске жетті.

Айта кетейік, Әбілхан Аманқұл – 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Азия біріншілігінің қола иегері. Сондай-ақ ол Токио Олимпиадасына қатысып, кейін кәсіпқой боксқа ауысқан. Қазіргі таңда оның кәсіпқой рингтегі есебінде 10 жекпе-жек бар.

Белгілі болғандай, Әбілхан біраз уақыт бойы әлемге әйгілі Сауль "Канело" Альварестің залында жаттыққан.