Шавкат UFC чемпионымен төбелеседі: Қазақ жауынгері тарих жасағалы тұр

Шавкат UFC чемпионымен төбелеседі: Қазақ жауынгері тарих жасағалы тұр

фото: Chris Unger/Zuffa LLC. Суретте: Шавкат Рахмонов

UFC-дің жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов келесі титулдық айқасын 2026 жылдың басында өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Шавкат Рахмонов келесі қарсыласы ретінде UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы, аустралиялық Джек Делла Маддалена мен ресейлік Ислам Махачев арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездесуі ықтимал.

"Шавкат Рахмонов әлеуметтік желіде 2026 жылдың басында октагонға қайта оралатынын мәлімдеді: "Құдай қаласа, қаңтар немесе ақпанда" деп жазды ол. Үлкен ықтималдықпен ол Джек Делла Маддалена – Ислам Махачев жекпе-жегінің жеңімпазымен кездеседі. Бұл айқас UFC 324 турнирінде өтеді, ол жерде сондай-ақ Илия Топурия мен Джастин Гэтжи де қатысады. UFC 324 – Paramount платформасында өтетін промоушеннің алғашқы шоуы болмақ және ол нағыз спорттық сенсацияға айналуы мүмкін", – деп жазады америкалық Sparrwars парақшасы.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсанында UFC 310 турнирінде өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді жеңген болатын. Одан кейін ол денсаулық мәселелеріне байланысты уақытша октагоннан тыс қалды.