фото: instagram.com/saltanat_bakayeva. Суретте: Салтанат Бақаева
Танымал актриса әрі әнші Салтанат Бақаева соңғы уақытта қалай тез арықтағанын айтып, көпшіліктің сұрағына жауап берді.
Өнер иесінің айтуынша, жақында ол ауыз қуысына жасалған отадан кейін біраз уақыт бойы тамақ іше алмаған.
"Көптің сұрауы бойынша қалай азғанымды айтамын деп шештім. Жаман айтпай жақсы жоқ демекші жақында тісіме ота жасалғанын айтқан болатынмын. Ота болған соң кескен жерлерін лескамен тіккен болатын... Леска өздеріңіз білесіздер үшкір болып келеді, ауыздың нәзік терісіне пышақ тыққандай сезілді… Соның салдарынан жарты ауызым стоматит болып 10 күндей ауызыма тамақ алмадым. Сондықтан азудың бір ғана амалы ол тамақ ішпеу екен қыздар", – деді Салтанат Бақаева.