фото: instagram.com/world.boxing.events. Суретте: Айбек Оралбай мен Жахонгир Зокиров
World Boxing ұйымы өз тарихындағы алғашқы әлемдік рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Ерлер арасында үздік көрсеткішке Өзбекстан өкілдері ие болды. 60 келі салмақтағы Абдумалик Халоков пен 65 келідегі Асадхуджа Муйдинхуджаев 3000 ұпаймен көш бастап тұр. Үшінші орында Куба боксшысы Эрисланди Альварес (65 кг) 2100 ұпаймен тұр. Төртінші орында – қазақ боксшысы Айбек Оралбай (90+ кг) – 2025 ұпай.
Бесінші орынды бірден бірнеше спортшы бөлісті: қазақ боксшылары Санжар Тәшкенбай (50 кг) мен Махмұд Сабырхан (55 кг). Сондай-ақ бұл қатарда өзбек боксшылары Фазлиддин Эркинбоев (75 кг), Джавахир Умматалиев (80 кг) және Турабек Хабибуллаев (90 кг) бар.
Әйелдер арасында 57 келі салмақта өнер көрсететін польшалық Юлия Шеремета 2075 ұпаймен рейтингтің бірінші сатысына шықты. Екінші орында – түрік спортшысы Бусеназ Чакыраоғлу (51 кг) – 1975 ұпай, ал үшінші орында – бразилиялық Ребека Де Лима Сантос (60 кг) – 1837,5 ұпай.
Қазақ боксшысы Назым Қызайбай (51 кг) 1750 ұпаймен төртінші орында тұр. Бестікке Тайвань өкілі Хуан Сяовэнь (54 кг) еніп, 1725 ұпаймен бесінші орынға жайғасқан.