фото: ozgeris.info
Танымал әнші Қайрат Нұртастың отбасы тағы бір сәбимен толықты, деп хабарлайды ozgeris.info.
Әншінің інісі Заңғар Нұртас алғаш рет әке атанды. Сәбиді перзентханадан анасы Гүлзира Айдарбекова достарымен бірге күтіп алған. Алайда Гүлзира ханымның түсірген видеосы әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыланып кетті.
Видеода продюсер:
"Бізде бүгін осындай үлкен той". Нәрестеміз әлі кішкентай деп ешкімге айтпадық. Құдағиымыз келіп алды", – дейді.
Алайда Индираның анасы жиеніне арнап сыйлықтар ала келген сәтте Гүлзира Айдарбекова:
"Қолыңыздағы не, құдағи? Бесіктойда әкелетін едіңіз ғой", – деп, сәл көңілсіз жауап берген.
Осы сәт көпшілікке ерсі көрініп, желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды.
"Өз немересіне сүйінші алып жүр ме, қатырады", "Баймен жарлы құда болса осылай болады", "Қолыңыздағы не деп", "Босансақ бірінші анамызды іздейміз ғой, келгені дұрыс болған", "Сөзінен-ақ көрініп тұр менсінбеушілік", "Келсе өзінің туған анасы ғой", "Құдағиым келіп қуанып қалдым демей ме", – деп жазды желідегілер.
Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыздар.