«Жоқ боп кетсем, ренжімеңіздер»: Сәкен Майғазиевтің жары желідегі белсенділігін шектемек

«Жоқ боп кетсем, ренжімеңіздер»: Сәкен Майғазиевтің жары желідегі белсенділігін шектемек

Қазақ эстрадасының белгілі өкілі Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиева әлеуметтік желіде жүргізіп жүрген белсенділігін азайтуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Соңғы уақытта Динара ханым отбасылық сәттер мен тұрмыстық тіршілікті түрлі ракурстан көрсетіп, оқырмандарымен жиі бөлісіп жүрген еді. Әсіресе үй шаруасы, қарбыз турау, ас әзірлеу, бала тәрбиесі сияқты күнделікті істердің қызықты тұстарын видео арқылы бөлісіп, аудиториясының ықыласына бөленген.

Алайда бұл жолы ол:

«Әлеуметтік желіде белсенді түрде жұмыс істеу қиын шаруа екен. Әсіресе әйелдерге парақшасын белсенді жүргізу оңай емес. Үйдің шаруасы, бала-шағаның жайы деген бар. Бәріне үлгеру қиын екен. Сондықтан әлеуметтік желіге шықпай қалсам, жоқ боп кетсем, ренжімеңіздер», – деп жазды.