Қаралы хабар: 19 жастағы футболшы ойын кезінде көз жұмды (ВИДЕО)

Қаралы хабар: 19 жастағы футболшы ойын кезінде көз жұмды (ВИДЕО)

фото: pixabay.com

Қайғылы оқиға Бірінші лига матчтарының бірі кезінде орын алды. "Хан-Тәңірі" клубының шабуылшысы Диас Төлеу "Екібастұз" командасына қарсы ойын барысында есінен танып, алаңда құлап түскен, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Куәгерлердің айтуынша, жағдай ойынның екінші таймында болған. Жедел жәрдем дереу шақырылғанымен, алғашқы көмек көрсету кезінде кідіріс болған. Көрермендер түсірген бейнежазбаларда дәрігердің абдырап, алаңға жеткен соң не істерін білмей қалғаны және зембілдің тек екі минуттан кейін жеткізілгені байқалады.

Футболшы дереу ауруханаға жеткізілгенімен, жансақтау бөлімінде оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Диас Төлеу бар болғаны 19 жаста еді.

Жас спортшы 2006 жылдың 4 мамырында дүниеге келген. Биылғы маусымда ол 19 ойынға қатысып, 1292 минут алаңда өнер көрсеткен. Негізгі құрамда 14 матчқа шығып, бір нәтижелі пас берген.