Абылайхан Жүсіповтің жекпе-жегі ел күтпеген нәтижемен аяқталды

Абылайхан Жүсіповтің жекпе-жегі ел күтпеген нәтижемен аяқталды

фото: Данияр Майлыбаев. Суретте: Абылайхан Жүсіпов

Қазақстан құрамасының боксшысы Абылайхан Жүсіпов Семейде өтіп жатқан ел чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі бәсекеде Қарағанды облысының намысын қорғаған Абылайхан Жүсіпов астаналық Мырзахан Мәуленовпен кездескен. Алайда бірінші раундта-ақ қарсыласы оң көзінің үстінен ауыр жарақат алып қалды. Дәрігер мен төреші жекпе-жекті тоқтату туралы шешім қабылдап, жеңіс Абылайхан Жүсіповке мерзімінен бұрын берілді.

Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов өткен жылы Таиландтың Чиангмай қаласында өткен Азия біріншілігінде (ASBC) чемпион атанған. Сондай-ақ ол әлем чемпионаттарының үш дүркін қола жүлдегері.