"Мықты әйел": UFC аруы қазақ жігітін таңғалдырды (видео)

"Мықты әйел": UFC аруы қазақ жігітін таңғалдырды (видео)

фото: championat.com. Суретте: Кайла Харрисон

2025 жылғы 8 маусымда АҚШ-тың Ньюарк қаласында өткен UFC 316 турнирінде әйелдер арасындағы жеңіл салмақта жаңа чемпион анықталды. Кайла Харриссон бұрынғы чемпион Джулианна Пеньяны екінші раундта "сабмишн" әдісімен жеңіп, UFC-дің чемпиондық белбеуіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Архангел Михаил" клубының спортшысы Ильяс Хамзин өзінің "Чемпионат" тілшісі Александр Фроловқа берген сұхбатында Кайла Харрисонның жеңісіне жоғары баға берді:

"Кайла Харрисон – өте мықты әйел. Бір ғана құрмет. Олимпиада медалінен бастап UFC алтын белбеуіне дейін жеткен. Бұған қоса, PFL ұйымында екі рет Гран-при жеңіп алған. Өмір жолы ауыр болса да, спорттағы табысы таңғаларлық. Енді оның Аманда Нуньеспен жекпе-жегін күтудемін – екі алыптың қақтығысы болмақ," – деді Хамзин.

Айта кетейік, Кайла Харрисон – АҚШ-тың дзюдо бойынша Олимпиада чемпионы (2012, 2016), кейін PFL ұйымында екі мәрте $1 миллиондық гран-приді жеңіп алған. UFC-дегі дебюті бірден бұрынғы чемпионмен өтті және нәтижесі – сенсациялық жеңіс.