Ризабек барады: Еркін күрестен әлем чемпионатында ел намысын кім қорғайды?

Ризабек барады: Еркін күрестен әлем чемпионатында ел намысын кім қорғайды?

фото: uww.org. Суретте: балуан Ризабек Айтмұхан

Еркін күрестен Қазақстан құрамасы жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын балуандар тізімін жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Әлем біріншілігі 20-27 қазан күндері Сербияның Нови-Сад қаласында өтеді.

Біріккен күрес әлемі (UWW) таратқан мәліметке сәйкес, Қазақстан атынан келесі спортшылар бозкілемге шығады:

  • 57 кг – Жахонгир Ахмаджанов
  • 61 кг – Мерей Базарбаев
  • 65 кг – Рүстем Төлен
  • 70 кг – Майыс Әлиев
  • 74 кг – Диас Сағдатов
  • 79 кг – Ерхан Әбіл
  • 86 кг – Мұханбет Мамбетoв
  • 92 кг – Айбек Айтбеков
  • 97 кг – Ризабек Айтмұхан
  • 125 кг – Бауыржан Советoв