Өзбек мамандары қазақ футболының артта келе жатқанын шегелеп айтты

Өзбек мамандары қазақ футболының артта келе жатқанын шегелеп айтты

фото: Қазақстан футбол федерациясы

Өзбекстандық БАҚ Қазақстан жастар құрамаларына қарсы екі жеңістен кейін батыл қорытынды жасады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Белгілі Upl.uz порталы Өзбекстан мен Қазақстанның жастар құрамалары арасындағы жолдастық кездесулердің нәтижесін жариялады. Екі ойын да өзбек командасының пайдасына аяқталды: U-21 құрамасы 1:0 есебімен, ал U-20 құрамасы 3:1 есебімен жеңіске жетті.

"Өзбекстанның жастар құрамалары Қазақстанды екі ойында да сенімді түрде ұтты: U-21 – 1:0, U-20 – 3:1. Бұл нәтижелер өзбек футболының жастар деңгейіндегі айқын басымдығын көрсетті. Өзбекстан құрамасының әлем чемпионатына жолдама алып, ал Қазақстанның іріктеуде сәтсіз өнер көрсеткенін ескерсек, қазіргі сәтте өзбек футболы қазақ футболынан алда тұр деп айтуға болады", – деп жазды өзбекстандық БАҚ.