фото: sportinside.kz коллажы
"Қайраттың" қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға тойда ерекше сыйлық табыс етілді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Белгісіз бір тойда 18 жастағы Шерхан Қалмұрзаға умраға жолдама берілді. Сыйлықты берер алдында асаба Шерханның анасына алғыс айтып, осындай ұлды тәрбиелегені үшін анасын көпшіліктің алдында мақтады.
Шерханның анасы – Сәуле Рабаева. Ол медиа саласында ұзақ жыл еңбек етіп, "Түнгі студия", "Балапан" сияқты жобалардың продюсері ретінде танымал.
Дегенмен Рабаеваның басты жетістігі – ұлдарының тәрбиесі. Шерханның қайсар мінезі де анасының табанды болмысынан бастау алғандай.