фото: ozgeris.info
Желіде танымал әнші Сәкен Майғазиевтің маңғыстаулық құдағиларын қарсы алған сәтінен бейнежазба тарады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Видеода жас келінді ата-анасы қарсы алып жатқан сәт көрсетілген. Қызының жүдеп кеткенін байқаған келіннің анасы: "Ұстайтын жері қалмапты ғой", – деп ренішін білдірген.
Бұл кезде Сәкен Майғазиев әзілмен "Салмақ қостыра алмай жүрміз" деп жауап берген.
Видеоны бөліскен автор болса: "Маңғыстаулық құдағи қарамайды. Сәкеннің баласысың ба, Мейрамбектің баласысың ба, бәрібір – айта салады", — деп жазған.
Желі қолданушылары арасында бұл сәт қызу талқыға түсті.
"Біздің Жаңаөзеннің қызын әбден жүдетіп жіберіпті", "Жас қой, уақыт өте семіреді", "Атасының жауабы ұнады", – деген пікірлер жиі жазылған.