Сүйінші, ағайын! Мұстафа Өзтүріктің қызы Қазақстанға оралды (ФОТО)

Сүйінші, ағайын! Мұстафа Өзтүріктің қызы Қазақстанға оралды (ФОТО)

фото: ашық дереккөзден. Суретте: Неслихан Өзтүрік пен Мұстафа Өзтүрік

Атақты таеквондо шебері, қазақтың батыр ұлы Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік Абай облысына арнайы сапармен келді. Құрметті қонақты облыс әкімі Берік Уәли қабылдады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Кездесуге сонымен қатар Түркия мен Қазақстаннан келген кәсіпкерлер Омар Тәйжі мен Қайша Керей де қатысты.

Қазіргі таңда Германияның Мюнхен қаласында тұратын Неслихан Өзтүрік бұл сапарында ата-бабасының туған жерін алғаш рет көріп, ерекше әсер алғанын айтты.

Мен Германияда туып-өстім. Абай еліне, Семей қаласына алғаш рет келіп отырмын. Құрмет көрсетіп, жылы қабылдағандарыңызға зор алғысымды білдіремін. Ата-бабаларымның туған жеріне келіп, ерекше сезімді бастан кешіп отырмын", – деді ол.

Еске сала кетейік, Мұстафа Өзтүрік – түркі әлеміне кеңінен танылған таеквондо шебері әрі Қазақстанда осы спорт түрінің дамуына жол ашқан тұлға. Ол 1954 жылы Түркияда дүниеге келіп, жастайынан шығыс жекпе-жегіне қызығушылық танытқан. Кореяда білім алып, кейін Қазақстанға келіп, таеквондоны насихаттады. Өз еңбегімен ұлттық спорт мәдениетінің қалыптасуына үлес қосып, көптеген шәкірт тәрбиеледі. Мұстафа Өзтүрік қазақ жастарын рухани да, дене тұрғысынан да шыңдалуға үндеген ұлтжанды тұлға ретінде ел есінде қалды.