фото: olympic.kz. Суретте: Дариға Шәкімова
Қазақтың танымал боксшы қызы Дариға Шәкімова Семейде өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Астана қаласының намысын қорғап жүрген Дариға Шәкімова 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жамбыл облысының өкілі Назерке Серікпен қолғап түйістірді. Күтпеген нәтиже тіркеліп, тәжірибелі спортшы қарсыласынан 0:5 есебімен жеңіліп қалды.
36 жастағы Дариға Шәкімова – 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері, сондай-ақ Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы (2010, 2015).
Айта кетейік, биылғы Қазақстан чемпионаты алғаш рет World Boxing ұйымының жаңа ережелері мен салмақ категориялары бойынша өтіп жатыр. Жарыс 21 қазанға дейін жалғасады.