Сүйінші, ағайын! Головкинге қатысты қуанышты хабар тарады

Сүйінші, ағайын! Головкинге қатысты қуанышты хабар тарады

фото: t.me/olympickz. Суретте: Геннадий Головкин

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінде (ҰОК) Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президенті Витольд Банькамен ресми кездесу өтті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Кездесуге Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин, ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев, ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, сондай-ақ Ұлттық допингке қарсы орталықтың директоры Майра Бақашева қатысты.

Кездесу барысында WADA басшысы Витольд Банька Қазақстанның таза спортты дамыту ісіндегі маңызды рөлін атап өтті.

"Қазақстан Орталық Азияда таза спортты ілгерілетудің негізгі орталығына айналды. Елдер арасындағы аймақтық ынтымақтастықты нығайтып, RADOCA ұйымының (Орталық Азия өңірлік допингке қарсы ұйымы) жетекшісі ретінде үлкен жауапкершілік атқарып келеді. Болашақта да спортшыларды қолдап, таза спортты қорғау жолында әріптестігімізді нығайтуға сенемін", – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Витольд Банька Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен де кездесу өткізген болатын.

Қазіргі таңда Геннадий Головкин – қараша айында өтетін World Boxing халықаралық ұйымының президенттігіне сайлауда басты фавориттердің бірі.

Осындай беделді ұйым – WADA тарапынан көрсетілген сенім мен мойындау Головкиннің беделін одан әрі арттыра түсті.