фото: aiba.org. Суретте: Теміртас Жүсіпов
Қазақтың танымал боксшысы Теміртас Жүсіпов Семейде өтіп жатқан ел чемпионатында алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Ақмола облысының атынан 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатқан Теміртас Жүсіпов алғашқы айналымда шымкенттік Біржан Нұрымбетовпен кездесіп, тәжірибесі басым екенін дәлелдеді. Төрешілердің шешімімен Теміртас 5:0 есебімен таза жеңіске жетті.
37 жастағы Теміртас Жүсіпов – Қазақстанның көп дүркін чемпионы, 2019 жылғы әлем чемпионы және екі мәрте Азия чемпионы. Өткен жылы ол 48 келі салмақ дәрежесінде ел чемпионы атанған болатын.
Айта кетейік, биылғы Қазақстан чемпионаты алғаш рет World Boxing ұйымының жаңа ережелері мен салмақ категориялары бойынша өтіп жатыр.