Сүйінші, ағайын! Дастан Сәтпаев әлемдік футболда тарихи жетістікке жетті

Сүйінші, ағайын! Дастан Сәтпаев әлемдік футболда тарихи жетістікке жетті

фото: kff.kz. Суретте: Дастан Сәтпаев

Британдық The Guardian басылымы 2008 жылы туған ең үздік 60 жас футболшының тізімін жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Бұл беделді рейтингке алматылық "Қайраттың" шабуылшысы Дастан Сәтпаев, тбилисилік "Динамоның" қорғаушысы Саба Харебашвили және өзбекстандық "Бунёдкор" командасының шабуылшысы Садриддин Хасанов енді.

Сондай-ақ тізімде әлемнің ірі клубтарының өкілдері де бар: "Барселона" командасынан – жартылай қорғаушы Нико Гильен мен қапталгер Тони Фернандес, "Боруссия" (Дортмунд) сапынан – италиялық шабуылшы Самуэль Инасио, "Бавариядан" – шабуылшы Карл Леннарт, ал "ПСЖ" клубынан – жас шабуылшы Ибрагим Мбайе.

Айта кетейік, Ибрагим Мбайе биылғы маусымда париждік клуб сапында 9 матчқа қатысып, соның ішінде Чемпиондар лигасының екінші турындағы "Барселонаға" (2:1) қарсы ойында негізгі құрамда алаңға шыққан.