Күтпеген жаңалық! Нұрбек Оралбай ұлттық құрамадан шығып қалды

Күтпеген жаңалық! Нұрбек Оралбай ұлттық құрамадан шығып қалды

фото: Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Нұрбек Оралбай

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайдың жеке жаттықтырушысы Асқар Еркебаев шәкіртінің биылғы ел чемпионатына қатыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Менің шәкіртім Нұрбек Оралбай жарақатына байланысты Қазақстан чемпионатына қатыспайды. Бірақ ол 80 келі салмақ дәрежесіндегі әлемнің және Қазақстанның ең мықты боксшыларының бірі. Сондықтан оның қатыспауына қарамастан, бұл салмақтағы бәсеке өте жоғары деңгейде өтеді", – деді бапкер.

Айта кетейік, биылғы World Boxing әлем чемпионатының ширек финалында Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақта өзбек боксшысы Жавохир Умматалиевтен ұпай саны бойынша ұтылып қалған болатын.

Сондай-ақ Асланбек Шымбергенов те биылғы Қазақстан чемпионатына қатыспайтын болды.