фото: sportinside.kz коллажы
Қазақ боксшысы Махмұд Сабырхан әлеуметтік желіде ерекше видеосын жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Қазақстан құрамасының көшбасшысы әрі екі дүркін әлем чемпионы видео жариялап, онда өзінің ағасымен спарринг өткізіп жатқан сәтті көрсетті. Кадрлардан көрініп тұрғандай, жекпе-жек үй маңайында өткен. Видео әзіл ретінде түсірілгенімен, Махмұдтың қарсыласы бірнеше мығым соққыны өзіне дарытып алды.
"Кезінде цемент қаруды үйреткен ағамыз боксты үйренемін дейді", – деп жазды спортшы өз Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Махмұд Сабырхан мен оның інісі Төрехан Сабырхан биыл Ливерпульде өткен World Boxing әлем чемпионатында топ жарған еді. Бір чемпионатта екі бауырдың алтын медаль жеңіп алуы – үлкен тарихи оқиға.