Әйеліне қол көтерді деп айыпталған "Меломен" тобының әншісі екінші рет шаңырақ көтермек (видео)

Әйеліне қол көтерді деп айыпталған "Меломен" тобының әншісі екінші рет шаңырақ көтермек (видео)

фото: Фото ашық дереккөзден

Белгілі отандық әнші, «Меломен» тобының бұрынғы мүшесі Ғабит Бибасыұлы әлеуметтік желіде жаңа махаббаты жайлы тұспалды жазбасымен ел назарын аударды. Ол белгісіз арумен түскен суретін жариялап, «Артық сөз жазбай тыныш отырамыз, достар» деп жазды. Бұл жазба қоғамда түрлі пікір туғызып, қызу талқыға түсті.

Айта кетейік, Ғабит Бибасыұлы бұған дейін алғашқы жұбайы Нұрила Ақберенмен шаңырақ көтеріп, үш бала сүйген. Алайда әншінің әйеліне қол көтергені, зорлық-зомбылық көрсеткені туралы ақпараттар қоғамда кеңінен талқыланып, оның отбасылық өміріне теріс әсер еткен болатын. Соның нәтижесінде ерлі-зайыптылар ажырасып кеткен еді.

Жаңа жазба жарияланған соң, әлеуметтік желі қолданушылары Ғабитті аяусыз сынға алды. Көпшілік:

«Мына әйел шындықты біле ме екен?»

«Үш балаңа алимент төлеп жүрсің бе?»

«Әйел ұратын еркек ешқашан өзгермейді»

«Қатыныңды ұрып ажырасқаныңды ұмытпа»
деген сынды пікірлер қалдырды.

Сондай-ақ, жаңа таңдаған қалыңдығының жабық киінгенін сынға алғандар да болды, керісінше, оны қолдағандар да табылды:

«Орамал тағыпты, иманды қыз екен»

«Бақыт тілейік, өмірі түзелер»
деген жылы пікірлер де жазылып жатыр.