Сүйінші, ағайын! Бүгін "Қайраттың" қаһарманы Темірланның туған күні

Сүйінші, ағайын! Бүгін "Қайраттың" қаһарманы Темірланның туған күні

фото: ашық дереккөзден. Суретте: Темірлан Анарбеков

Бүгін алматылық "Қайрат" клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков туған күні. 22 жасқа толған жас футболшыны жанкүйерлері мен достары әлеуметтік желіде жылы лебіздерімен құттықтап жатыр, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Темірлан Анарбеков Instagram парақшасында достарының тосын сый жасағанын көрсетті. Белгілі қазақ актері Ұлан Адамбаев түннің бір уақытында футболшыға арнайы торт әкеліп, алғашқылардың бірі болып құттықтаған.

Футбол клубының баспасөз қызметі де өз тілегін білдірді.

"Темірланды туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Оған мықты денсаулық, алаңға тез оралуын, әсерлі сейвтер мен командамен бірге үлкен жеңістер тілейміз!" – делінген хабарламада.

Темірлан Атырау қаласында дүниеге келген және футболдағы алғашқы қадамын туған клубында жасаған.

2017 жылдың қарашасынан бастап "Қайрат" академиясының тәрбиеленушісі атанды.

2020 жылы небәрі 17 жасында Премьер-лигадағы алғашқы ойынын "Таразға" қарсы өткізді (0:1).

2022 жылы "Қайрат-Жастар" командасының капитаны болды.

2024 жылғы маусымын елордалық "Жеңіс" клубында жалға ойнап, командасымен бірге Лига кубогының финалына дейін жетті.

Ал оның нағыз жұлдызды сәті 2025 жылдың 26 тамызында туды. УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде "Селтикке" қарсы өткен шешуші матчта (0:0) Темірлан пенальти сериясында үш соққыны қайтарып, "Қайратты" тұңғыш рет Еуропаның элиталық турниріне алып шықты.