фото: ашық дереккөзден
Аты аңызға айналған кеңес гимнасты, үш дүркін Олимпиада чемпионы Александр Дитянин 69 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Дитянин өмірінің соңғы жылдарын Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінде оқытушы болып қызмет атқарған.
Университет әкімшілігі ұлы спортшының қазасына байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Александр Дитянин өз есімін спорт тарихына мәңгі жазып қалдырды. Ол 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарында сегіз медаль жеңіп алып, спорт әлемін таңғалдырған. Оның үшеуі – алтын, төртеуі – күміс, ал біреуі – қола.
Ең қызығы, Дитянин – гимнастика тарихында бір Олимпиадада барлық мүмкін болатын жаттығулар бойынша медаль иеленген алғашқы және әзірге жалғыз спортшы.
Бұл ерекше жетістігі үшін Александр Дитяниннің есімі Гиннес рекордтар кітабына енгізілген.
