фото: ашық дереккөзден
АҚШ-та танымал актер Тони Фицпатрик 66 жасында өмірден өтті. Ол "Бастапқы қорқыныш" (Primal Fear) және "Филадельфия" фильмдеріндегі рөлдерімен көпшілікке таныс еді.
Басылым мәліметінше, актердің өліміне жүрек талмасы себеп болған.
Тони Фицпатрик – Чикагода туған, түрлі өнер саласында өзін көрсеткен тұлға. Жергілікті басылымдар оны "өз дәуірінің нағыз аңызы" деп атап өтті.
1958 жылы Чикаго маңындағы қалада дүниеге келген Фицпатрик актерлік мансабын бастамай тұрып, күзетші, таксист, бармен және диджей болып жұмыс істеген. 1980-жылдардың соңынан бастап ол көптеген фильмдер мен сериалдарға түсті. Олардың ішінде – "Филадельфия" (басты рөлде Том Хэнкс), "Бастапқы қорқыныш" (Ричард Гирмен бірге), "Мафияға тұрмысқа шыққан", сондай-ақ "Жедел жәрдем" (ER) телесериалы бар.
