фото: Тұрар Қазанғапов, ҰОК. Суретте: Назым Қызайбай
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының физикалық дайындық бойынша жаттықтырушысы Мұхит Ахметов әлеуметтік желі жазбасын жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Мұхит Ахметов әлемге әйгілі мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің спарринг-серіктесі – қазақ Бек Нұрмағанбетпен түскен суретін жариялап, оның арнайы жаттығу жиыны үшін Америкадан келгенін жазды.
"Бек Америкадан арнайы менің жетекшілігімдегі физикалық дайындық жиынына келді", – деп жазды Ахметов Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Мұхит Ахметов бұған дейін Ливерпульде өткен World Boxing әлем чемпионатында әйелдер құрамасының жаттықтырушылар штабының мүшесі болған. Сол додада қазақ қыздары тарихи жетістікке жетіп, үш алтын (Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Наталья Богданова), бір күміс (Назым Қызайбай) және екі қола (Виктория Графеева, Елдана Тәліпова) медаль жеңіп алды.