"Енем арамызға түсті": Танымал актриса күйеуі жайлы ел естімеген құпиясын айтты (ВИДЕО)

"Енем арамызға түсті": Танымал актриса күйеуі жайлы ел естімеген құпиясын айтты (ВИДЕО)

фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актриса Гүлбаушан Тілеубекова "Алғашқы" бағдарламасында жеке өміріне қатысты бұрын-соңды айтылмаған сырларымен бөлісті.

Актрисаның айтуынша, оның алғашқы некесі енесінің қарсылығынан кейін бұзылған. Өнер жолындағы әйел адамды қабылдай алмаған енесі келініне сахнадан кетіп, мұғалім болуды ұсынған екен.

"Жолдасым Әшірбек – өте талантты жігіт еді. Суретші, зергер болатын. Шымкенттің жігіті ғой, ол жақтың салт-дәстүрі басқаша. Біз көп бірге тұрмадық. Қызым кішкентай кезінде ажырасып кеттік. Енем: "Сен әртіс емессің, мұғалім бол" деді. Бірақ мені әке-шешем жеті жыл оқытты, мен сахнаға шығуым керек еді. "Үйде отыруың керек, бала туып, бағып отырасың" деп айтты. Ал мен өнерсіз өмірімді елестете алмадым", – дейді актриса.

Гүлбаушан ханым өнер жолын таңдағаны үшін отбасынан айырылғанымен, бұл шешіміне еш өкінбейтінін айтты.

"Мен жолдасыма: "Мен саған әйел бола алмаймын, өйткені үйде отыра алмаймын. Мен сахнаға шықпасам, ауырамын" дедім. Ол да өнер адамы еді, түсінуі керек еді. Бірақ енем бәрібір арамызға түсіп, ажыратты", – дейді ол.

Admin
Admin
Автор