17 жастағы қазақ баласы бұрын-соңды болмаған жетістігіне қол жеткізді

17 жастағы қазақ баласы бұрын-соңды болмаған жетістігіне қол жеткізді

фото: olympic.kz. Суретте: Әмір Омарханов

ATP (Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) Қазақстанның үздік теннисшілерінің жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

17 жастағы қазақстандық жас теннисші Амир Омарханов әлемдік рейтингте бірден жеті сатыға көтеріліп, 915-орынды иеленді. Бұл – Омархановтың кәсіби мансабындағы ең жоғары көрсеткіш. Жас спортшының үздіксіз дамып келе жатқанын көрсететін бұл нәтиже – болашағынан үлкен үміт күттіретін жетістік.

Амирдің соңғы жарысы – Италияда өткен ITF M15 турнирі. Бұдан бөлек, ол Парижде өткен жасөспірімдер арасындағы Ролан Гаррос турниріне де қатысты.

Сондай-ақ рейтингте бірқатар танымал қазақстандық теннисшілер де өз позицияларын жақсартты. Атап айтқанда:

  • Александр Шевченко ATP рейтингінде қайтадан ТОП-100 қатарына еніп, қазіргі таңда 97-орынды иеленіп отыр;
  • Бейбіт Жукаев та өз көрсеткішін жақсартып, 244-орынға тұрақтады.