фото: Тұрар Қазанғапов, ҰОК. Суретте: Сәкен Бибосынов
Қазақ боксшысы Сәкен Бибосынов биылғы Қазақстан чемпионатына қатыспайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Сәкен Бибосынов 25 қазанда Қырғызстанның Бішкек қаласында қырғыз боксшысы Әділет Қашқынбековпен кәсіпқой рингтегі жекпе-жегін өткізеді. Сол себепті ол биылғы ел біріншілігіне қатыса алмайды.
Айта кетейік, биылғы Қазақстан чемпионаты 14-21 қазан аралығында Семей қаласында өтеді.
Бұған дейін Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов 2026 жылға арналған ұлттық құраманың құрамы Ливерпульде өтетін World Boxing әлем чемпионаты мен Қазақстан чемпионатының нәтижелері бойынша анықталатынын мәлімдеген болатын.
Сонымен қатар Сәкен Бибосынов бұған дейін өткен тарихи World Boxing әлем чемпионатына да қатыспаған еді.