Қазақ баласы әлемдік деңгейдегі додада топ жарып, сенсация жасады

Қазақ баласы әлемдік деңгейдегі додада топ жарып, сенсация жасады

фото: Семсерлесу федерациясы. Суретте: Ерлік Сертай

Қазақстандық семсерлесуші Ерлік Сертай Астанада өткен халықаралық деңгейдегі беделді жарыста жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Екі күнге созылған дода қорытындысы бойынша ұлттық құраманың мүшесі Ерлік Сертай турнирдің абсолютті чемпионы әрі ең үздік семсерлесуші атанды. Екінші орынға Кирилл Проходов, ал үздік үштікті Эльмир Әлімжанов түйіндеді.

Қыздар арасында Владислава Андреева топ жарды, ал күміс пен қола жүлделерді Өзбекстан спортшылары Шахзода Егамбердиева мен Малика Хакимова иеленді.