"Сағынысып қауышқан": Дана Нұржігіт қуанышты жаңалығын елге жеткізді (ФОТО)

"Сағынысып қауышқан": Дана Нұржігіт қуанышты жаңалығын елге жеткізді (ФОТО)

фото: ашық дереккөзден

Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазбасын жариялады.

"Амансыздар ма, жақсыларым! Кеше "Хабар" эфиріне 23 қазан күні шығатын жаңа жобам – "Өмір өрнегі" деп аталатын бағдарламаны түсірдік. Сағынысып қауышқан сүйікті кәсібім, ортам – "Хабар". Мені сонау 22 жасымда, студент кезімде ойламаған жерден кастингтен таңдап, эфирге әкеліп, Дана Нұржігіт еткен осы арна! 30 жыл бір күндей өте шықты. "Хабардың" бүгінгі жетекшісі Кемелбек Ойшыбаев басыма бұлт үйірілген күнде жұмысқа мойын бұруға мұрсат бермеген проблеманы шешу үшін "эфирден кетемін, назарым басқада" дегенде де қолдап, ал қауіп сейілгенде, "Біз сізді күтеміз! Қашанда ұсыныс жасауға дайынбыз! Сіз бізге керексіз!" дегені менің іздеушім бар екенін ұғындырып отырғанының өзі маған қанат бітіретін. Рақмет сіздерге!" – деп жазды Дана Нұржігіт.

Admin
Admin
Автор